Елорда балабақшасында тәрбиешілер балаларды қатыгездікпен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласының САТИ инклюзивті балабақшасында тәрбиешілер балаларға күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткен деп жазды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде балабақшадағы тәрбиешілердің балаларға жасаған аяусыз әрекеттері көрсетілген бейнежазба тарады. Бейнежазбада балабақша қызметкерлері балаларды ұрып-соғып, жерге сүйреп жүргені көрсетілген.

Бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары көптеген пікір қалдырып, тәрбиешілердің әрекетін қатты сынға алды.

«Жүрегім ауырып кетті!», «Қолы сынғырлар!», «Сұмдық қой мынау!», «Биылғы балалар жылында бұндай сұмдық жағдай астанамызда болғаны масқара!» т.б. сөздер жазылып жатыр.

 

Comments (0)
Add Comment