«Еліміздің ертеңін айқындаған сұхбат»

Мубарак ЖИНАҚБАЕВА,
облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы

«Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өте мазмұнды сұхбат болды. Президентімізге Бауыржан Бабажанұлы халықты толғандыратын көптеген түйткілді мәселенің түйінін шешетін сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сұхбатта еліміздің жаңғыру жолына түсіп, қоғамымыздың бет-болмысын түбегейлі өзгерту барысында әрбір Қазақстан азаматының жаңа дәуірге бейімделуі қажет екені жан-жақты айтылды. Мәселен, цифрландыру, жасанды интеллект, білім беру және денсаулық сақтау саласы, талғампаз, талапкер жастардың алған бағыты, олардың ой-өрісін сыйлау, тарихымыздағы құптарлық дүниелер, нақты деректер-дәлелімен сөйлеу, жаңа идеологиялық реформалар, табиғатты аялау, адами тазалықты сақтау, туризм саласын дамыту, бұрынғы ел басқарған азаматтардың бәріне құрметпен қарау, баспасөз қызметі, салық реформалары, ауыл шаруашылығы, сыбайлас жемқорлық, ядролық энергетика, түрлі экономикалық реформалар, Қазақ армиясындағы сарбаздар жайы, мүгедектігі бар жандардың жағдайы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-міндеттері сынды бірқатар тақырыптың аясында әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ Президент жасанды интеллектіні енгізу арқылы экономикамыз бен басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін енетіндігін де сенімді жеткізді. Сонымен бірге бүгін қоғамдық өмірдің «Бірлігіміз – әралуандықта» деп аталатын маңызды қағидатын жариялап, Қазақ елінің бірін-бірі құрметтеп, сабыр сақтап, тәртіпті, тату болуға шақырды.
Ендеше Қазақстан Мемлекетімізді басқарып отырған басшының келелі де кемел жоспарларын назарға ала отырып, әрқайсымыз елімізді өркендетуге өз үлесімізді қоса берейік. Келіп жеткен Жаңа 2026 жыл баршамызға науқанды әрі табысты, оң нәтижелі жемісті жыл болғай!

Comments (0)
Add Comment