Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұңғыш монша Таразда ашылады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жамбылдық журналистер қауымымен кездесу өткізуде. Жиында жасаған баяндамасында қала басшысы облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған монша ашылатынын айтты.

– 2023 жылы «Мамыр» саябағының аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтаға арналған 30 орындық монша және иппотерапия орталығы салынады. Ал 2023-2024 жылдары 15-ші және 14-ші шағын аудандарда 2 әлеуметтік бейімдеу орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, – деді Б. Орынбеков жиында.

Жалпы, аталған жылдар ішінде денсаулық сақтау саласында 28 млрд. теңгеге 13 жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, 6 жаңа нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. 4 аурухана қайта жаңғыртудан, 3 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасамақ.

Comments (0)
Add Comment