Елімізде мұнай өндірісі төмендеді

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда мұнай өндіру 1,1%-ға төмендеді деп хабарлады turkystan.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда мұнай өндіру 53 млн тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,1%-ға аз», – деп жазылған хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биыл елімізде 8,8 млн тонна газ конденсаты (-0,8%), 39,7 млрд текше метр табиғи газ (+0,6%) және 86,7 млн ​​тонна көмір (+4,9%) өндірілген.

Comments (0)
Add Comment