Елімізде боранға байланысты 32 жол учаскесі жабылды

 Елімізде боранға байланысты 32 жол учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан өтетін бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар «Жақсы-Есіл», «Көкшетау-Атбасар», «Жезқазған- Петропавл» жолдарының жекелеген бөліктері жабылды. Күн райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында да шектеу бар. Қазір бұрқасын салдарынан Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарда да көлік қозғалысы тыйылды.

 

Comments (0)
Add Comment