Әзірге қолжетімді қызметтер саны – 45, алда бұл көрсеткіш арта түседі. Жаңа сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Бұл жүйенің арқасында клиенттердің уақыты үнемделеді, сонымен қатар қызмет көрсету жылдамдығы едәуір артатын болады.
Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында толық танысуға болады.
Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы Ержан Аңсар Ержанұлы