«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17, 18 және 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклон ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
«Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронталь бөліктер әсерінен қар жауады. Термометр бағандары: солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжанған», – делінген хабарламада.