Елбасының өкілеттігін қысқарту туралы заң жобасы Тоқаевтың қол қоюына жіберілді

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сенаттың мемлекеттік бастамаларына елбасының арнайы келісімін жою туралы түзетулермен бірауыздан келісті. Заң президент Тоқаевтың қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

27 қаңтарда сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заңнамаға Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны мемлекет басшысы басқаратыны жөніндегі өзгерістерді қолдаған болатын. Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар тағы бір түзету енгізді. Олар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңнан сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар Елбасымен келісіледі деген норманы алып тастауды ұсынды. Түзетілген заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

Comments (0)
Add Comment