Ел өркендеуінің негізі

Президент «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды атап өтті. Ел болып күтетін жаңа Жолдау көңілімнен шықты. Құнды құжаттағы әр бөлім еліміздің әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналып, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.

Мұнда айтылған бастамалар тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға да леп береді. Сол себепті бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына да шет қалмады. «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» бағыттары саяси әрі күрделі реформаларға бет бұрған еліміз үшін аса қажет.

Президент алдымызға қойған міндеттер ұзақ жылдардан бері көптің көкейінде қордаланып тұрған жайттар еді. Әсіресе оның білім саласы туралы айтқан өте өзекті. Ол өз сөзін «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бастады. Осы бір ауыз сөздің астарында ұрпақ тәрбиесіне қатысты мың батпан салмақтың жатқандығы шындық.
Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейтініне, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береріне еш күмән жоқ.

Ғалия ШУБАЕВА, Мойынқұм аудандық орталық кітапхананың директоры

Comments (0)
Add Comment