Ел мерейін үстем еткен Елена

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында дүниежүзілік рейтингте 5-орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға жол берді.

Рыбакина оған дейін дүбірлі доданың 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы, поляк Ига Свентекті жарыс жолынан ығыстырса, ширек финалда латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасты. 1 сағат 21 минутқа созылған матчтың қорытындысында Елена қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Тартысқа толы болған турнирдің финалында Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Осы жетістігінен кейін отандасымыз әлемдік рейтингте 10-орынға көтеріледі. Осылайша Рыбакина ел тарихындағы «Australian Open» жарысының финалына шыққан алғашқы теннисші болып отыр.
Былтыр Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде топ жарған еді.

Жұматай Көксубайұлы

Comments (0)
Add Comment