Ел келешегіне қауіп төндіреді

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестиция тарту процесін тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық әртүрлі жолдармен көрініп, ұлттық, этникалық, діни және құқықтық дәстүрлермен анықталады. Мысалы, кейбір елдерде шенеунікке туған күнінде немесе мерекеде азғантай сыйлық беру табиғи әрекет болып саналса, басқа елдерде мұндай сыйлық алу қоғамдық имандылықты өрескел бұзу ретінде қабылданады.
Сарапшылардың пайымдауынша, адамдардың өте көп бөлігі сыбайлас жемқорлық желілеріне тартылған. Яғни елдің ересек адамдарының кем дегенде 50 пайызы өмірінде бір рет сыбайлас жемқорлыққа тап болған.
Басқару жүйесіндегі әртүрлілік қана басқару жүйесіндегі әртүрлілікті азайта алады. Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлық көп нұсқалы және түрлендіруші болып келеді. Сондықтан оның деңгейін төмендету бойынша қабылданатын шаралар да соған сай болуы керек. Яғни сыбайлас жемқорлықтың көптеген нұсқалары үшін қарсы шаралар мен жолын кесу әдістерінің бірдей кең ауқымы болуы тиіс.
Азаматтардың, азаматтық қоғамның мемлекеттік басқаруға, сондай-ақ бизнеске белсенділігі мен тұрақты қысымы ғана шенеуніктерге, кәсіпкерлерге және азаматтарға өз қызметінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін қолданудан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді. Ал азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекетті және олар тұратын жергілікті қоғамдастықты басқаруға қатысуын айтады.

Жеңіс Пәрімбеков,
Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment