Ел экономикасын өркендетудің негізі

Еліміздің егемендік жылдарына барлық салада қол жеткізген табыстары аз емес. Соның ішінде мемлекетіміз «қазақстандық экономикалық ғажайыптың үлгісін» ұсынды. Ең үлкен жетістік – 2012 жылы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да ел экономикасын өркендету жөніндегі өзекті ойларын ортаға салды.

Жаңа Жолдаудың өзгешелігі – халықтың Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекет тарапынан ел болып терең әлеуметтік-экономикалық реформалар мен нақты іс-қимылдарға бағытталған бастамаларды асыға күтуі деп айтуға болады.
– Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – биз- нес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазіргі әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайда ел ешінде тыныштықты сақтау, экономикалық өсімді үнемі қамтамасыз ету мен әлеуметтік қамсыздандыруды естен шығармау тұрақты даму кепілі болып табылатыны сөзсіз. Президент бұл жолғы басты құжатта реформалардың нақты бағыттарын анықтау үшін ең алдымен жаңа экономикалық саясатты құрудан бастауы сондықтан болар.
– Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Президент.
Сонымен қатар енді ұлттық табыстың игілігін жұртшылық көрмек. Атап айтқанда, елімізде балаларға арналған Ұлттық қор пайда болады. Оған жыл сайын қордың инвестициялық табысының 50 пайызы аударылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы да өз Жолдауында айтқан болатын. Президент құнды құжатта мемлекетіміздің біртұтастығына, әл-ауқатының жақсаруына, экономикалық жағдайының дамуына жол ашатын арнайы тапсырмалар берілді. Қоғамдық ой-сана мен жұртшылықтың көптен көкейінде жүрген мәселелерінің басын ашып, айқындады. Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған оң бастамалары сөз күйінде қалмас үшін өз алдында маңызды міндеттер тұрғандығын әр қазақстандық ұғынуы тиіс деген пікірдемін. Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткенін Президент өз Жолдауында баса айтты.
– Монополияның табысын шектеу қажеттігі мен инфрақұрылымға инвестиция салуды қамтамасыз ету арасында тепе-теңдікті сақтау маңызды. Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтырады. Осының салдарынан азаматтардың денсаулығына және өміріне қатер төнеді. Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек. Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет. Тариф инфрақұрылымға қаржы салғаны және ашықтықты қамтамасыз етудің мемлекеттік мониторингі жүйесіне қатысқаны үшін беріледі. Меншік иесі инвестицияның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сонымен қатар Президент Қазақстанда оқуға жылдық 2-3 пайыздық жеңілдікпен кредиттер берілетінін атап өтті. Бұл жөнінде: «Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады», – деді Мемлекет басшысы. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады. Әрі болашақта ел экономикасын өркендетуге үлес қосатын жастарға мол мүмкіндік беріп отыр.
Президенттің әрбір Жолдауы қазақстандықтардың жақсы тұрмысы ғана емес, сондай-ақ алаңсыз болашағы туралы айтылатындығымен құнды. Бұл жолғы Жолдауда көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Жаңа бастамалар шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп екендігі белгілі. Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екені сөзсіз. Өз халқының ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін көргісі келетін Мемлекет басшысы: «Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемлекетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын!» – деген қанатты сөзі жастарға жалынды жігер береді.
Президент Жолдауында мемлекетіміздің біртұтастығына, әл-ауқатының жақсаруына, экономикалық жағдайының дамуына жол ашатын маңызды міндеттерді жүктеді. Қоғамдық ой-сана мен жұртшылықтың көптен көкейінде жүрген мәселелерінің басын ашып, айқындады. Сондықтан басты құжаттағы оң бастамалар сөз жүзінде қалмас үшін алда маңызды міндеттер тұрғандығын әрбір қазақстандық ұғынуы тиіс деген пікірдемін.

Нұргүл Төлебаева, «Парасат» колледжі «Экономика, дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы

Comments (0)
Add Comment