Апта аралығында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғамзат Сағымбеков ауыл азаматтарының өтініші бойынша аты жаман індетке қарсы екпені тұрғындардың үйіне арнайы дәрігерлерді бастап барып, екпе салдыртты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Ауылдық жалпы тәжірибедегі аға дәрігері Асел Жолдасова тұрғындардың денсаулығына тексеріс жүргізіп, қалауы бойынша вакцина екті.
Осылайша, ауылдық округте екпе ектіруге жатататын азаматтар 100 пайыз екпеден өтті.