ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді агенттіктен.
БАҚ-тың хабарлауынша, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден қашып кетуге тырысқан.
Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бастап вице-министрдің міндетін атқарған. Оның қызметінде істеген жұмыстарының бірі – қоқысты утилизациялау болды.
Құмарғалиев 2019 жылдың қараша айында «ӨКМ Операторы» жеке компаниясының басқарма төрағасы болды.