Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтық қорғау туралы» заң 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала әкімі техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады.
Сағат 01:30-дағы жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны әлі де жылусыз отыр. Апаттық режим төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.