13 қазан күні Ресейдің Тюмень облысында ер адам мас күйінде суық қару пайдаланған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі оқушының соңынан пышақ ұстап қуған 69 жастағы зейнеткер қолға түсті. Сондай-ақ, оның бұрын соңды істі болғаны анықталды. Қару тәркіленіп, тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастап кетті.