120 секундта ұйықтаудың әдісі анықталды. Оның тіпті, ұйқысыздықтан зардап шегетіндер үшін де тиімді екені белгілі болды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, екі минут ішінде ұйықтау үшін процесті екі кезеңге бөлу керек: ақыл-ойды тазарту және суретті визуализациялау.
Бірінші кезеңде бірнеше әрекет орындалады. Алдымен бет бұлшықеттерін босаңсыту керек. Жақ, тіл және көз айналасындағы бұлшықеттерді де ұмытпаған жөн. Әрі қарай иығыңызды төмен түсіріп, қолдың жоғарғы және төменгі бөліктерін босаңсытыңыз. Бұдан соң демді ішке алып көкіректегі ауырлықты деміңізбен сыртқа шығарыңыз, ары қарай аяқтарыңызды босаңсытыңыз. Бұл шамамен бір минут уақытта істелуі керек.
Осының бәрін істеп болғаннан кейін визуализацияңызды іске қосуыңыз керек. Яғни, сіз өзіңізді тыныш көлдің ортасында тұрғандай немесе табиғат аясында тербеліп жатқандай елестетуіңізге болады.
Техниканың екінші кезеңі «ойламаңыз» тіркесін 10 секунд ішінде қайталауды талап етуі мүмкін. Бұл әдісті америкалық әскери қызмет қолданады және 96 пайыз өз пайдасын тигізген.
Сондай-ақ бөлменің шашылып жатуы мидың демалуына кедергі келтіреді.