Екі әйелін тастап кеткен Дәурен Айдарқұлов қателігін мойындады

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі некесінде жіберген қателіктерін мойындап, көпшілікке өз ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Актер өзінің Instagram-дағы парақшасында әйелдеріне дұрыс қарым-қатынас жасамағанын айтып, ішкі сырымен бөлісті. Оның айтуынша, ол екі әйеліне де гүл сыйламаған екен. Осы қателікті болдырмау үшін Дәурен ер азаматтарға бірнеше лайфхак ұсынды.

«Мен гүл сыйлау дегенді иттің етінен жек көретін едім. Бұл дұрыс емес екен. Мен бірінші және екінші некемдегі әйелдеріме ешқашан гүл берген емеспін. Бұл көзге жай көрінгенімен, үлкен қателік екенін қазір түсініп жатырмын. Сондықтан құрметті ер азаматтар, жұптарыңызға гүл сыйлап тұрыңыздар. Алла оларды солай жаратқан. 101 раушанды бір күнде бергенше, күніне бір тал гүлден сыйлап тұрсаңыз жеткілікті. Әйел үшін екеуінің маңыздылығы бірдей-ақ», — деді Дәурен Айдарқұлов.

Дәурен Айдарқұлов қателігін мойындады / instagram.com/daurenaidarkulov

Баян Әкімжанова және әнші Ақбота-Нұрдың бұрынғы күйеуінің бұл айтқанына желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. Арасында екі әйелімен де ажырасып кеткен еркектің ақыл айтып отырғанына жағымсыз пікір қалдырғандар бар.

«Қателеспейтін адам жоқ. Қателігін мойындаған да ерлік қой, жастар солай қателік жасамасын деп айтып жатыр. Жарайсың бауырым», «Екі әйел алып философ боп жатыр, 4-еу алып ажырассаңдар не боласыңдар?», «Ақботамен ажырасқан соң бұл азаматты жек көріп кеттім», «1 мен 101 раушанның айырмашылығы жоқ деп қателесесіз. Мен үшін туған күнімде 7 розадан кем алып келсе, онда мүлдем бермегенмен тең»,- деп жазды желі қолданушылары.

Comments (0)
Add Comment