Жер екі ықтимал әрі қауіпті астероид жақындап келеді. Бұл туралы “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аспан денелерінің бірі – 2013 yd48 астероиды, оның көлемі Биг-Бен өлшеміндей, екіншісі – 7482 yd48 астероиды, оның көлемі АҚШ-тағы Empire State ғимаратынан екі есе үлкен.
2013 yd48 астероидінің ені шамамен 104 метр. Ол 11 қаңтарда Жерден 5,6 миллион шақырым қашықтықта өтеді. 1994 PC1 астероиды 18 қаңтарда Жерден 0,013 астрономиялық бірлік қашықтықта өтеді. Бұл – NASA жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының мәліметі бойынша «жақын жер».
Бұған дейін NASA басшысының орынбасары Томас Зурбухен алдағы 100 жылда астероидтардың ешқайсысы Жерге қауіп төндірмейтінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ғалымдарға 140 метрден асатын нысандардың тек 40%-ы ғана белгілі.
«Олардың көпшілігі, шамамен 60%-ы ғалымдарға әлі беймәлім», – деді Зурбухен.