Egov mobile мобильдік қосымшасында ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?
Egov mobile қосымшасында электронды цифрлық қолтаңба алу – ӨТЕ ОҢАЙ. Ол үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет:
• Авторизация бетінде «ЭЦҚ шығаруға сұрау жасау» батырмасын басу;
• «Digital id» парақшасында телефон нөмірі мен SMS-пен келген тексеру кодын енгізу;
• Бейне сәйкестендіруден өтіп, жеке куәлігіңіздің деректері мен телефон нөмірін енгізу;
• Ақпарат расталғаннан кейін жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді енгізу;
• «ЭЦҚ шығару» бетінде электрондық поштаңыздың адресін және парольді енгізу;
• Жаңа бетте «Тіркеуді аяқтау» батырмасын таңдау;
• Тіркелгеннен кейін қосымшаға жылдам кіру кодын немесе Face id/touch id орнату қажет.
Сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз дайын.
Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлім басшысының орынбасары А. Искаков