Көлік полиция қызметкерлері Египеттің екі азаматы ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұсталды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында полицияға екі ер адамды жеткізді. Адамдардың жеке басын тексеру нәтижелері бойынша олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екендігі анықталды.
Факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі «ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.