Президент сайлауына байланысты заңгерлер де белсенді іске кіріскен. Қазірдің өзінде олар өңірлерде әр адамның құқықтық сауатын арттыруға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Қазақстан заңгерлер одағының атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов алдағы сайлаудың маңызы үлкен дейді. Себебі қазақстандықтар үшін болашағымызға таңдау жасау мүмкіндігі беріліп отыр. Осы сәтте халықтың құқықтық сауаты жоғары болса әділдік үстемдік етпек.
»
Халық 30 жыл бойы 1 адамға дауыс беріп шаршады. Алдағы сайлаудың маңыздылығы әділдігінде болуы керек. Себебі, бұған дейінгі сайлауларда көпшілік сайлау учаскелеріне бара бермейтін. Менсіз де сайланады ғой деген оймен алаңсыз өз тіршілігімен жүруші еді. Салдарынан бума-бума бюллетендер жәшікке салынды. Тіпті 5-10 мәртеден айналдыра әр учаскені аралап дауыс беретіндер болды. Сондықтан бұл сайлау барынша адал болуы тиіс», — дейді заңгер.
Осы мақсатта одақта арнайы штаб құрылған. Осылайша бүкіл облыстағы филиалдарды жұмылдыран жергілікті халыққа сайлау заңнамаларын, әр адамның құқын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әркім өз сайлау учаскесіне барып, аты-жөнін түгендеп, бюллетенін алып таңдау жасаса. Жалпы дауыс беруге құқылы азаматтар түгел, яғни, жүз пайызы сайлауға қатысса ешкім дауысты ұрлай алмайды. Сондықтан бұл сайлаудың маңыздылығын түсінуіміз керек,