ҮЕҰ жетекшілерінің назарына!

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурыз аралығында өтетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері ҮЕҰ дерекқорына өз қызметтері бойынша мәліметтерді ұсынуы қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

ҮЕҰ Дерекқорына есеп беру бойынша формаларды толтыру туралы ақпарат (infonpo.gov.kz) сайтында орналастырылған.

Comments (0)
Add Comment