Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орынбасары қызметіне 30 жасар Айнұр Серғазинова тағайындалды. Бұл үкімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Ең сұлу шенеунік атанған арудың желідегі суреттері көпшілік назарына түсті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Серғазиева Алматы энергетика және байланыс университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»мамандығы бойынша оқыған.
Бұрын ол «Зерде» мемлекеттік холдингінде басқарушы лауазымда болған. Ол ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту міндетін атқарған.
Айнұр Серғазинова өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желіде белсенді бөлісіп тұрады.
Арудың суреттеріне қарап табиғат аясында серуендеу мен әлемді аралағанды ұнататынын байқауға болады.
“Менің наразылығымда шек жоқ. Айнұр Серғазинаны бұл лауазымға кім тағайындаған?”-деп кейбір желі тұтынушылары бұл суреттерді сынға алды.