Еңбек жасақтарының үздіктері марапатталды

Жуырда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Облыстық «Жасыл ел» және студенттік құрылыс еңбек жасағының ашылу, жабылу салтанатын ұйымдастыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында және үздік жастарды марапаттау мақсатында еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға қалалық және аудандық «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары мен жауапты мамандары қатысты.
Аталған шарада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар сөз сөйлеп, «Жасыл ел» сарбаздарына өз алғысын білдіріп, биылғы жылдың үздіктерін марапаттады.
Сонымен, биылғы еңбек мау-сымының қорытындысына сәй-кес, «Үздік жасақ» номинациясы бойынша 3-орынды Жамбыл аудандық, 2-орынды Шу қалалық, 1-орынды Қордай аудандық «Жасыл ел» жасақтары иеленді. «Үздік сарбаз» номинациясын Жамбыл медициналық жоғары колледжінің студенті Мейірман Қуанышбай олжаласа, «Үздік командир» аталымын Еркін Әбдиев жеңіп алды.
Бұған қоса салтанатты жиын барысында үздік жұмыс жасаған 50 жас облыстық «Жасыл ел» штабының Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарла- маға ұласты.
Жалпы биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына 1 756 жуық адамды тарту көзделсе, бүгінгі күнге жергілікті бюджет есебінен бөлінген 108,8 миллион теңгеге 1 531 жас қамтылды.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Comments (0)
Add Comment