Еңбек қатынастарын еOtinish қорғайды

Қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Әрі өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдардан хабардар болуы керек.

Әр мемлекеттің өз Конституциясы бар. Онда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Егер сіздің Ата Заңмен белгіленген құқықтарыңыз бұзылса, оларды Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі арқылы eOtinish базасының көмегімен мемлекеттік органдарға ресми өтініш беріп қорғай аласыз.
1. eOtinish.kz-те өтініш берудің жолы:
Өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:
1. https://eotinish.kz немесе https://egovmobile.page.link/eOtinish сілтемесі бойынша өту;
2. Авторизация;
3. Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі – Арыз);
4. Қажетті мемлекеттік мекеменің атауын енгізіңіз;
5. Өтініш мәнін сипаттау;
6. Қажетіне қарай картадан проблема туындаған орынды көрсету;
7. Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық мөлшері 80 мб-тан асатын файлдар қоса берілмейді);
8. Нақты тұратын мекенжайын көрсету;
9. ЭЦҚ көмегімен қол қою және жіберу;
10. Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
2. Өтінішке қойылатын жалпы талаптар:
1. Ауызша нысанда берілген өтінішті әкімшілік органның өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғасы немесе қызметкері жеке хаттамаға енгізеді.
2. Жазбаша нысанда немесе электронды құжат нысанында берілген өтініште, хаттамада мыналар көрсетіледі:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда);
2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның атауы;
3) өтініштің мәні;
4) өтініш берілген күн;
5) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
3. Өтініштің орындалу мерзімі қандай?
Өтінішті қарау мерзімі Қазақстан Республикасының ӘРПК-мен реттеледі. ӘРПК туралы толығырақ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350 сілтемесінен біле аласыз.
Арыз, хабарлама, үн қосу, ұсыныс, сұрату негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының уәжді шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
Заңгерлік көмек көрсетуіне байланысты адвокаттың сұратуына жазбаша жауап келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер сұратудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, БАҚ-тың сұратуына жауап ол келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қарау мерзімі бір рет ұзартылуы мүмкін.
Ақпарат беру туралы жазбаша сұратуға жауап ақпарат иеленушіге келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі.
Жазбаша сұрату бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрату тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушының назарына жеткізіледі. Қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы ұзарту күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері) атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты сот орындаушыларының (мемлекеттік те, жеке де) сұратулары 3 күн ішінде қаралады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша ол тіркелген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
Салық мониторингіне жататын салық төлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қаралады.
63-бап бойынша толықтыру:
ҚР ӘРПК 63-бабына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350#z814 жазбаша нысанда не электронды құжат нысанында берілген өтініште, хаттамада мыналар көрсетіледі:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның атауы;
3) өтініштің берілген күні;
4) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш беруші төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Егер өтініш ҚР ӘРПК 63-бабының талаптарына сәйкес келмесе, онда өтініш жіберілген мемлекеттік орган сәйкессіздіктерді және оларды жою үшін қисынды мерзімді көрсете отырып, өтінішті Өтініш берушінің өңдеуіне қайтарады. Бұл ретте Өтініш беруші өтініштің өңдеуіне қайтарылғаны туралы СМС-хабарлама алады, өтініш «Өтініш берушінің өңдеуінде» мәртебесіне өтеді. Өтініш беруші көрсетілген мерзімде сәйкессіздіктерді жойып, өтінішті қайта жіберуі керек. Өтініш беруші толықтыруларды https://eotinish.kz-тегі жеке кабинетте немесе МО кеңсесіне жүгініп, не болмаса ХҚКО арқылы енгізе алады.
Өтініш беруші ҚР ӘРПК 63-бабы бойынша сәйкессіздіктерді көрсетілген қисынды мерзімде жоймаған жағдайда өтінішті қарау тоқтатылады.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтарды қабылдап, консультациялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78. Байланыс телефондары: 43-01-96, 43-06-31, 45-15-31.

Кәмшат ЕСПЕНБЕТОВА,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің
бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы

Comments (0)
Add Comment