Dulaty – Азияның үздік университеті

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті QS World University Rankings: Asia 2026 халықаралық рейтингі бойынша Азияның үздік университеттерінің қатарына кірді.

Бұл рейтингке Азияның 1 526 жетекші университеті қатысты. Бұл маңызды жетістік білім беру сапасының тұрақты өсуін, ғылыми қызметтің дамуын және бүкіл Азия континенті деңгейінде университеттің халықаралық танылуының артуын растайды.
QS Asia 2026 рейтингінде Дулати университеті тұрақты дамуды, академиялық беделді арттыруды және ғылыми нәтижеліліктің өсуін көрсете отырып, 700-ші орынға ие болды. Бұл нәтиже білім беру процесінің сапасын арттыруға, зерттеу қызметін жандандыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған университеттің даму cтратегиясын дәйекті іске асырудың арқасында мүмкін болды.
Quacquarelli Symonds (QS) компаниясының мәліметтері бойынша, 2026 жылғы бұл рейтингке Қазақстанның 44 жоғары оқу орны қатысқан. Бұл халықаралық академиялық кеңістіктегі жоғары білім берудің ұлттық жүйесінің ұстанымдарының сенімді нығаюын көрсетеді. Дулати университеті QS Central Asia 2026 рейтингінде Орталық Азия университеттері арасында 43-ші орынды иеленді.
Биылғы QS Asia тізіміне жаңадан 550 университет қосылған. Оның ішінде Қазақстанның 10 жоғары оқу орнымен бірге Дулати университеті де бар. Университет үшін бұл беделді рейтингке қатысу – тек жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар білім және ғылым саласындағы жоғары бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші. QS World University Rankings рейтингінде болу Дулати университетінің әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетінін, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатынын және халықаралық байланыстарды дамытатынын растайды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің QS World University Rankings: Asia 2026 беделді халықаралық рейтингіне қосылуы – мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, ғылыми әлеуетін және үнемі жетілдіруге ұмтылысын көрсететін маңызды жетістік. Бұл нәтиже ұжымның көп жылғы еңбегінің, мемлекеттік қолдаудың және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялаудың стратегиялық бағытының нәтижесі екені анық.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment