Дулати университетінің нағыз “Жігіт Сұлтаны” анықталды

«Жігітке жеті өнер де аз» деген қазақ атамыз ер баланың жан-жақты болуына аса қатты мән берген. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ер сұлтан 2022» байқауында студент жігіттердің сегіз қырлы, бір сырлы екенін байқадық.

(Бейнеролик Дулати университетінің you-tube каналынан алынды)

Екі күнге созылған «Ер сұлтан 2022» байқауында 10 үміттер бақ сынады. Жігіттердеің білімі мен өнері, күші сынға түскен байқауда Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абзал Есіркепов, Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелер басқармасының Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Тәутен, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғары спорт шеберлігі» мектебінің директоры Мадиярбек Төлегенов, Дулати университеті Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет, Дулати университеті ректор кеңесшісі Сәуле Алимбаева әділ төрелік етті.

Қатысушылар бірінші күні «Ләңгі тебу», «Асық ату», «Күш атасын танымас» кезеңдері бойынша өнер көрсетіп, тиесілі ұпай сандарын жинады.
Ақтық сынға сүрінбей өткен батыл жігіттер келесі күні өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік қошеметіне бөленді.
Байқай қорытындысында «Тарих» мамандығының 2-курс студенті Бекзат Болатбек бас жүлдені жеңіп алды. Ал «Ұстаз» институты «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығында білім алып жатқан Береке Түгелбаев 1-орынды иеленді. «Математика» оқыту білім беру бағдарламасының студенті Әзірет Агламбек жүлделі 2-орынды еншіледі. Үздіктер қатырын Инновациялық текстиль мамандығынан Медет Оразымбеков пен Музыка мұғалімі даярлау мамандығының білімгері Жангелді Амангелді түйіндеді.
Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Келешекте бұл конкурс дәстүрге айналып, жылда ұйымдастырылмақ.

Медиа-қызмет.

Comments (0)
Add Comment