Дос құдіреті

Баяғы бір заманда бір сұр құлақты қоян өмір сүріпті. Ол өте мейірімді, ақкөңіл болған екен. Сол сұр қоян түске қарай бір орманды аралап келейінші деген ниетпен серуендеп келе жатқанда, бір ақырған дауысты естиді. Сонда сұр қоян: «Әй, мынау не? Мынау аю емес пе?» – деп жүгіріп келіп, дауыс шыққан жаққа барса, аю жардан құлайын деп тұр екен. Қоян не істерін білмей ары-бері ойланып, өзінің отбасындағы ең мықты қоянды шақырып, әрі тартып, бері тартып, ақыры аюды құтқарады. Аю рақметін айтып, кетіп қалады. Келесі күні қоян орманды аралап жүріп, аш қасқырларға кезігіп қалады. Қасқырдың басшысы мұны көріп: «Ал, қоян, біткен жерің осы», – дейді. Сол уақытта қоян қатты қорқып: «Құтқарыңдар, көмектесіңдер», – деп қаша жөнеледі. Сонда әлгі қоян көмектескен аю алдынан шыға келіп, қасқырларды қуып жіберіп, оны құтқарып қалады. Осы оқиғадан кейін «Дос – ажарың, жолдас – базарың» деген мақал халық арасына тарап кетіпті деседі.

Гүлім Бейсентай,
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимазиясының 8-сынып оқушысы

Comments (0)
Add Comment