Доллар шарықтап барады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz cайтына сілтеме жасап.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 435,72 теңге болды.

Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434,16 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,10 теңгеден сатылса, сатып алу – 438, 00 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 438, 12 теңге.

Comments (0)
Add Comment