Ұлттық банк доллар мен рубльдің 8 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге өсіп, 7,59 теңге болды.
8 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 464,39 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 468 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 465 – 469 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,07 – 7,27 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.