Доллар бағамы тағы 2,6 теңгеге көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,66 теңгеге көтеріліп, 477,89 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 12 қазандағы ресми бағамы – 474,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 476,90 теңге, сату – 480,17 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 476,07 теңгеден сатып алынып, 480,35 теңгеден сатылып жатыр.

Comments (0)
Add Comment