Доллар бағамы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,85 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге.

Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477,95 теңге, сатып алу – 482,60 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,50 теңге.

Comments (0)
Add Comment