Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477,12 теңге.
Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 474,19 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 477,5 теңге.
Ресей рублі 7,45 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.