Дін тазасын діннен ізде, дін шатағын сынға сал

«Дін тазасын діннен ізде, дін шатағын сынға сал» дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы. Бұл ұлттың рухани тұтастығын сақтауға бағытталған терең ойлы ұстаным деуге болады. Ойшылдың нақылы адамды діни мәселелерде байыппен ойлауға, шынайы дін мен адасушылықтың ара-жігін ажырата білуге шақырады.

Қазіргі заманда ақпарат көп, алайда оның ішінде жалған немесе бұрмаланған діни түсініктер де аз емес. Сондықтан әрбір адам діни ілімді сенімді дереккөздерден үйренуі қажет. Бұл – дін тазалығын сақтаудың ең дұрыс жолы.
Ал «дін шатағын сынға салу» дегеніміз – қоғамға іріткі салатын, дінді өз мүддесіне пайдаланатын ағымдар мен теріс көзқарастарды талдап, олардың зиянын ашық көрсету. Мұндай ұстаным діни сауаттылықты арттырып, ұлттың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Демек, дінді танудағы басты өлшем – білім мен парасат. Таза дін – бірлік пен бейбітшіліктің, ізгілік пен әділдіктің бастауы. Ал надандық пен фанатизм – қоғамды бөлшектейтін қатер. Сондықтан әр адам өз дінін дұрыс түсініп, оны өмірінде әділет пен мейірім құндылықтарымен ұштастыра білгені жөн.
Осы бағытта Жамбыл ауданында дін мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл іс-шаралар – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, жастардың сана-сезімін қалыптастыруға және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.

«Сәтті қадам» қоғамдық бірлестігі

Comments (0)
Add Comment