Димаш Құдайберген Қытайда жаңа шоуға қатыспақ

2 жылдан кейін Қытайға қайта оралдым деп хабарлаған Димаш Құдайберген жаңа бағдарламаға қатыспақ. Шоу туралы әншінің өзі айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді.

Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес. Өйткені жобада: танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын», – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, жақында Димаш Қытайға қайта оралғанын хабарлаған еді. Кей ақпарат көздері өнерпазды Аспан асты еліне біржола көшті деп беруіне байланысты, Димаштың анасы Светлана Айтбаева пікір білдірді. Сондай-ақ Димаш жақында “Азияның ең сымбатты ер азаматы” атанды.

Comments (0)
Add Comment