Димаш Құдайберген тағы да бір атаққа ие болды

Әнші Димаш Құдайберген тағы да бір атаққа ие болды.

Кең диапазонды әнші үшінші рет «Халықтың сүйіктісі» атағын алып, арнайы сақина тақты. Димаш барлық үміткерлерді құттықтап, халыққа алғысын да білдірді.

Бірнеше жылдан бері «Халық сүйіктісі» сыйлығының иегері атанғаным үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жылдары басқа елдерде, концерттерде, түсірілімдерде болғандықтан, мұнда келе алмадым. Осы ретте назарларыңызға шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын, – деп жазды әнші желідегі парақшасына.

 «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры, Димаштың әкесі Қанат Айтбаев құрмет грамотасы мен арнайы сақинаға ие болды.

Сонымен қатар, әнші Қытайдағы жаңа жыл мерекесінде басты телеарналарда өнер көрсетті.

bugin.kz

Comments (0)
Add Comment