Дерекқорға уақытылы есеп ұсыну қажет

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ұсыну қажет.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақытылы толтырулары қажет.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәлі- меттерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-порталы арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V кодексінің 489-1 бабына сәйкес, ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Ұлана Сламбекова,
«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ басшысы

Comments (0)
Add Comment