Нұр-Сұлтан қаласында бүгін өткен мәслихат сессиясында КазГЮУ ректоры, мәслихат депутаты Талғат Нәрікбаев мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдаланып, олардың жанынан кітапхана ашуды ұсынды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлтаралық және конфессияраралық келісімді дамыту тақырыбына арналған мәслихат сессиясында сөйлеген Талғат Нәрікбаев Совет одағында әрбір елдімекенде мәдениет үйі болғанын еске салып, бүгінде мешіттер мен шіреулерді мәдениет үйі ретінде пайдалануға болатынын мәлімдеді.
Мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдалану дұрыс па? Олардың жанынан кітапхана ашқан жөн бе? Malim.kz Талғат Нәрікбаевтың ұсынысы жайлы дінтанушылар мен белсенділер пікірін сұрап көрді.
«Намаз оқитын жерде домбыраны тартқызу құлшылыққа кедергі келтіруі мүмкін»
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы мәдениет кең ауқымды дүние болғандықтан, кей нәрсені мешіт әлеуеті көтере алмауы мүмкін дейді. Оның үстіне елдегі мешіттердің бәрінің бірдей мәдениет үйі ретінде пайдалануға болатындай жағдай жоқ, олардың жанынан қосымша ғимараттар қарастырылмаған. Сондықтан дінтанушының ойынша, бұл бастаманың жүзеге асуы қиын.
Сонымен қатар Қайрат Жолдыбайұлы зайырлы елде мешіт пен шіркеуді мәдениет үйі ретінде пайдалану бастамасына қарсы шығатын адамдар болуы мүмкін дейді.
«Діннен үркетін адамдар бар, мешітке барсам ондағы жамағат ықпалына түсіп кетемін деген қорқыныш болуы мүмкін. Сонымен қатар дінге суық адамдар бар. Олар мешітке барғысы келмегендіктен, білімнен де қашуы мүмкін», – дейді ол.
Мешіттерде онсыз да кітапханалар бар
Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы қазір облыстық, қалалық, аудандық мешіттердің жанында онсыз да арнайы кітапхана қоры бар дейді. Оның айтуынша, сол кітапханаларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамасынан өткен діни бағыттағы кітаптар мен әртүрлі басылымдар қойылған.
Сонымен қатар Ағабек Қонарбайұлының жақында ҚМДБ Хәкім Абай атындағы кітапхана ашқанын жеткізді. Бұл кітапхананы ҚМБД ызметкерлері ғана емес, басқа да азаматтар пайдаланады.
«Сондай-ақ жастар секторына мүше студенттер, астар апта сайын белгілі бір кітап оқып, соның төңірегінде талқылау өткізеді, пікір алмасады. Сондықтан мешіттер онсыз да ғылым, сауат ашу мен әдет-ғұрыптың орталығына айналған», – дейді Ағабек Қонарбайұлы.
«Депутаттың ұсынысы «атың шықпаса, жер өртенің» кері»
Ал экс-дипломат, қоғамдық белсенді Қазбек Бейсебаев астаналық мәслихат депутаты Талғат Нәрікбаевтың бастамасын «атың шықпаса, жер өртенің» кері деп бағалады.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.