Жетісу облысының тұрғындары бас-ауырып, балтыр сыздай қалса, аурухана іздеп сабылмайды. Дертіне шипа іздегендер үшін медицина саласы барлық жағдайды жасап, аз уақытта жаңа ғимараттар салып, тұрғындардың денінің саулығына ерекше көңіл бөліп жатыр.
Денсаулық сақтау саласын жаңғырту жобасы аясында, мұнда 2025 жылға дейін 15 дәрігерлік амбулатория салынып бітеді. Жалпы алдағы екі жылда өңірде 50-ге жуық емдеу мекемесін жаңарту көзделген.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ