Денсаулық сақтау саласына баса мән берілгені қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды.

Саяси құжатта халқымыздың көкейінде жүрген көптеген мәселелер қамтылып отыр. Оның ішінде  денсаулық саласына көбірек көңіл бөлінуі біз сияқты қарияларды қуантуда. Әсіресе, коронавирустық пандемия кезінде бұл бұқара үшін жасалып отырған үлкен қамқорлық.

Мұндай жағдайда денсаулығымызды сақтаудың бір ғана жолы – вакцина аулу екенін де білеміз. Десе де, халық арасында екпеге  күдікпен қарайтындардың саны  сейілмей тұр. Президент Жолдауында осы мәселеге де жеке тоқталғаны құптарлық. Себебі  жас пен кәрі деп  талғамайтын бұл ауруға төтеп беру оңай болмасы хақ. Сондықтанда мен барлық қазақстандықтарды вакцина алуға, өз жақындарына жанашыр болуға және Президент Жолдауын қолдауға шақырамын.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыттарын жарқын болашаққа айқындайтын маңызды құжат екендігі анық. Сол себепті, Тараз қаласының 45 мыңнан астам ардагерлері Президент Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдады.

Күләш Әбдікешова,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Comments (0)
Add Comment