Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қанша адам ревакцинация жасағанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні ревакцинация жасаған адамдардың саны 9 412 адамды құрады», – деді Шоранов үкімет отырысында.
Вице-министр коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталғанын еске салды.
Ревакцинация екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде:
- медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
- 60 жастан асқан адамдар;
- өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.
Екінші кезеңде:
- вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.
Сондай-ақ ол Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түскенін хабарлады. Бүгінгі күні 62 707 жасөспірім және 17 015 жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салынған.
Айта кетсек, Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі.