Денсаулық күні: 500 адам қатысқан спорттық фестиваль

Бүгін 500-ге жуық ойыншы ләңгі теуіп, секірмек секіріп, асық ату сынды дәстүрлі аула ойындарынан сынға түсті. Спорттық фестиваль 7- сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне арналды.

Жарыс үш жас ерекшеліктерін қамтыды. 500 қатысушы ішінен 40-қа жуық ойыншы үздік шықты. Олар дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Есірткіге жол жоқ» атты ұранмен өткен спорттық фестивальде марапатталды. Жалпы командалар Тараз қаласы және он ауданнан арнайы келген.

Comments (0)
Add Comment