«Денем тітіркеніп кетті»: Қызылордалық сылақшы қыз керемет дауысымен әлеуметтік желіні таңғалдырды

Әлеуметтік желіде қазақ және шетелдік танымал әндерді нақышына келтіріп орындаған жұмыс киіміндегі сылақшы қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны «МузАРТ» тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жариялады.

“Желіні «жарып жатқан» аруды мен де жариялап қояйын. «Қазақстан дауысы» жобасына келгенде тетікті төртеуміз де басар ма едік. «Әу» демейтін ҚАЗАҚ жоқ» деген сөздің дәлелі осы емес пе? Таныс болыңыздар, Дана Серікбай 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Дананың музыкалық білімі жоқ. Тек 3 курс оқып, оқуы аяқталмай қалған. Яғни қолында диплом да жоқ. Бірақ Алла берген дауыс бар. Қазір Алматыда жөндеу жұмыстарын (евроремонт) жасап, нәпақасын тауып жүр екен. Жолың ашық болсын, Дана қыз”, – деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі қолданушылары бойжеткеннің даусына тәнті болып, пкірлерін қалдырған.

«Қандай әдемі дауыс! Керемет орындау!», «Таза дауыс екен», «Талант бар, таныс жоқ «, Асын қара жұмыспен адал тауып жүрген жігерлі қазақтың қайран қыздарына шынымен қайран қаламын”, «Сахнаға шығару керек, әйтпесе дауыстары жоқ әншілер көп болып кетті», «Құрылыста не істеп жүр, орны сахнада ғой», “Денемді тітіркеніп кетті”, «Табиғат берген талантын ашуға көмектесетін адамдар табылса жақсы болар еді», – деп жазды желі қолданушылары.

Comments (0)
Add Comment