Алдағы тәулікте Қазақстанның батысында ауа райы ыстық болады. Ал солтүстікте температура төмендейді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймағында жаңбыр жауады. Күн күркірейді және қатты жел соғуы мүмкін.
«Республиканың солтүстігінде түнде +10 +18°С-тан +5 +10°С-қа дейін, күндіз +23 +30°С-тан 18 +23°С-қа дейін ауа температурасы төмендейді. Күндіз батыста +32 +40°С, солтүстік-батыста +28 +38°С, орталықта +22 +33°С, шығыста +20 +28°С, оңтүстікте +32 +42°С, елдің оңтүстік-шығысында +25 +35°С болады», – делінген хабарламада.