Әдеби мұра – ұрпаққа аманат

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат» әдеби кездесу өтті.

Кешке М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет және Облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Ардақ Үсейінова қатысты.

Жазушының туындыларының өзегі — адамгершілік, ұлттық сана, рухани азаттық, табиғат пен адам үйлесімі, тарих пен тағдыр. Кеш қонақтары ол қоғамдағы рухани дағдарысты, ұлттық тамырдан ажыраған адамның ішкі трагедиясын бейнелейтіндігіне тоқталды.

Жұмабай Шаштайұлы — тек прозашы ғана емес, сонымен қатар публицист және эссеист. Повесть, әңгіме, роман жанрларында еңбек еткен қаламгердің мұрасы – болашаққа бағыт берер рухани байлық.

Comments (0)
Add Comment