ДДСҰ халықаралық сапарларды шектеу тиімсіз тәсіл екенін айтты

  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі комитеті әлемдік қоғамдастыққа тиімсіз тәсіл екенін айтып, халықаралық сапарларға шектеуді алып тастауды немесе жеңілдетуді ұсынды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шектеулер пайда әкелмейді, бірқатар елге экономикалық және әлеуметтік жағынан ықпал етеді.

«Омикрон штамы халықаралық деңгейде таралмауы үшін омикрон нұсқасы табылғаннан кейін сапарларды шектеу уақыт өте келе мұндай шаралардың тиімсіз екенін көрсетеді», – деді ұйым өкілі.

ДДСҰ бетперде тағу, ПТР сынама немесе вакцина сертификаттарын ұсыну туралы талаптарға түсініктеме берді. Мамандар мұндай талаптар тәуекелді бағалауға негізделуі қажет әрі сапар шегетін адамдарға қаржылық ауыртпалық тудырмауы керек екенін айтты.

Comments (0)
Add Comment