Бүгінгі қатты желден облыста барлығы 49 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық көп бейінді ауруханасына 41 адам түрлі жарақаттармен жүгінген. 4-і – стационарға жатқызылды. Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 4 бала түскен. 3-і стационарға жатқызылған. 1 бала амбулаторлы түрде ем қабылдауда. Байзақ аудандық орталық ауруханасына 4 адам қайырылып, 1 тұрғын стационарға жатқызылған, 3-і амбулаторлы ем қабылдауда. Медициналық көмекке жүгіндердің басым көпшілігі терезе, қақпа құлағаннан болған бас, аяқ, қол және өзге де сынық жарақаттарын алған.