Дариға Назарбаева денсаулық жағдайына байланысты демалыста – көмекші

  Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда», – деді Жанна Ермекова.

Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.

Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Comments (0)
Add Comment