Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Жиында шаһар басшысы Тараз қаласының 2023-2024 жылдары және ағымдағы жылғы 10 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап жатыр.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта қаламызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, нақты істер қолға алынуда.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысымен Тараз қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 19,3 пайызға, инвестиция – 27,1 пайызға, құрылыс жұмыстары – 35,8 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 есеге өсті. Бөлшек сауда – 100,5 пайызды, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 100,1 пайызды құрады, – деді қала әкімі өз сөзінде.